"Бірде қуанып, бірде мұңаясың": Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады (ФОТО)

/
"Бірде қуанып, бірде мұңаясың": Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады (ФОТО)
ашық дереккөзден

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында актерлік өнердің ерекшелігі мен адамның өзін тануы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, актрисаның өмірі – сан түрлі тағдыр мен әр алуан кейіпкер тоғысатын күрделі әлем. Ол бір ғана ғұмырында бірнеше адамның болмысын сезініп, түрлі мінезді, әртүрлі тағдырды сахнада немесе экранда шынайы жеткізуге тырысады.

"Актрисаның өмірі – мың алуан тағдырдың тоғысқан жері. Бір өмірде мың кейіпкерді сомдайсың. Мың түрлі эмоцияны бастан кешіресің. Бірде қуанып, бірде мұңаясың. Бірде күресіп, бірде жеңілесің. Бірақ сол кейіпкерлердің арасында ең маңыздысы – өзің екеніңді ұмытпау. Өмірдегі өз рөліңді, өз болмысыңды жоғалтып алмай, жүрегіңді тыңдап, сезіміңді аялау – ең үлкен өнер. "Өзгені мың рет танығаннан гөрі, өзіңді бір рет танығаның маңызды" – Сократ. Кейіпкерлер өзгереді. Ал өзіңе деген адалдық мәңгі қалуы керек", – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары