Нобель сыйлығының лауреаты, италиялық физик Джорджо Паризи жасанды интеллект көмегімен жазылған ғылыми мақаланы жариялады. Зерттеуде ғалымдар он жыл бойы дәлелдей алмаған математикалық гипотезаны Claude нейрон желісі шешуге көмектескені айтылған, деп хабарлайды turkystan.kz arxiv.org-ке сілтеме жасап
Ғылыми жұмыс «A proof of an identity for the critical exponents of jamming» деп аталады. Оның авторлары – Джорджо Паризи мен Франческо Дзампони. Мақалада қатты бөлшектердің «jammming» деп аталатын тығыз күйіне қатысты күрделі математикалық теңдік аналитикалық түрде дәлелденген.
Авторлардың айтуынша, шешуші дәлелді табуға Anthropic компаниясының Claude Sonnet 4.6 және Opus 4.7 модельдері көмектескен. Ғалымдар нейрожелімен шамамен 40 промпт арқылы жұмыс істеп, қажетті кодтарды тексеріп, математикалық қорытынды алған. Кейін нәтижені зерттеушілердің өзі толық тексеріп растаған.
Мақалада дәлелдің жасанды интеллектпен өзара әрекет барысында алынғаны ашық көрсетілген. Бұл ғылыми жарияланымдарда нейрон желілерінің үлесін ресми түрде мойындаудың сирек мысалдарының бірі болды.
Зерттеушілердің пікірінше, Claude ұсынған дәлел бұрын тек сандық модельдеу арқылы байқалған сәйкестікті теориялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік берген. Ал бұл нәтиже физикадағы механикалық тұрақтылық пен материалдардың қасиеттерін зерттеуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.