"Ардақты азамат": Ақсуат жұрты журналист Руслан Өтепбайға ат мінгізді (ВИДЕО)

/
"Ардақты азамат": Ақсуат жұрты журналист Руслан Өтепбайға ат мінгізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Елге танымал журналист Руслан Өтепбайға Ақсуат жұртшылығы ерекше құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен ат мінгізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы кәсіпкер Дулат Тастекей Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, халықтың мұңын айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп жүрген журналистке көрсетілген бұл құрмет – елдің ықыласы мен ризашылығының белгісі.

"Халқымыздың сүйікті ұлы, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген белгілі журналист Руслан Өтепбайға Ақсуат жұртшылығы ерекше құрмет көрсетті. Ұлт руханияты мен қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың сеніміне ие болған азаматқа қазақы дәстүрмен ат мінгізу рәсімі жасалды. Бұл – Ақсуат жұртының ардақты азаматқа деген ықыласы мен ризашылығының белгісі", – деп жазды кәсіпкер Дулат Тастекей.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары