Қызылорда облысында жоғалып кеткен алты жасар Медина Мұратбекқызының денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қыз бала 5 маусым күні сағат 18:30 шамасында жоғалып кеткен. Ол Сырдария өзенінің жағасына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен.
Баланы бірнеше күн бойы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция, туыстары, еріктілер және жергілікті тұрғындар іздеді.
Іздеу жұмыстарының нәтижесінде қыздың денесі «Айтек» су торабының ағыс бойымен төменгі жағынан шамамен 30 шақырым жерден табылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.