Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты

/
Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты
istockphoto

Қарағанды облысының Долинка кентінде 10 жастағы баланы тоқ соқты. Салдарынан бүлдіршін жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, бала ойын алаңының қасындағы жоғары вольтты электр желісінің темір бағанына шыққан. Сол жақта оны тоқ соққан.

Қайғылы жағдай Заводской көшесінде болған. Зардап шеккен баланың әпкесінің айтуынша, оның інісі Сергей кернеуі 6000 вольт болатын электр желісінің темір конструкциясына өрмелеп шыққан. Салдарынан баланы тоқ соғып, ол биіктен құлап кеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары