Өскеменде дүкендердің бірінің жанынан әйелдің мәйіті табылды

/
Өскеменде дүкендердің бірінің жанынан әйелдің мәйіті табылды
istockphoto

Өскемен қаласында сауда үйінің маңынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 4 маусымда болған.

Облыстық полиция мәліметінше, жедел жәрдем бригадасынан белгісіз әйелдің мәйіті туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына қалалық полиция бөлімінің тергеу тобы жіберілді.

"Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

Әйелдің нақты көз жұму себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар