Теннисші Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің финалына шықты

/
Теннисші Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің финалына шықты
ҰОК

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, жапониялық Сюко Аояма мен Тайбэй өкілі Энь Шуо Лянға қарсы ойнады.

Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесу екі сетке созылды. Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Енді шешуші кездесуде Анна Данилина мен Александра Крунич АҚШ теннисшісі Тэйлор Таунсенд пен чехиялық Катерина Синяковамен алтын медальді өзара сарапқа салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар