Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Төле би көшесінде, Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 5 маусым мен 5 шілде аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады», – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.