Ресей Ұлыбританияның бұрынғы қорғаныс министріне терроризмді насихаттады деген айып тақты

/
Ресей Ұлыбританияның бұрынғы қорғаныс министріне терроризмді насихаттады деген айып тақты

Ресей Бас прокуратурасы Ұлыбританияның бұрынғы қорғаныс министрі Бен Уоллеске қатысты қылмыстық істі Екінші Батыс округтік әскери сотына жолдады. Ол 2019–2023 жылдары Ұлыбританияның қорғаныс министрі қызметін атқарған, деп хабарлайды turkystan.kz mail.ru-ға сілтеме жасап.

Ресейлік тергеу нұсқасына сәйкес, Бен Уоллес 2025 жылғы қыркүйекте Польшада өткен «Варшава қауіпсіздік форумы – 2025» конференциясында Украинаға алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар беру арқылы Қырым көпіріне соққы жасауға үндеген. Ресей тарапы мұны терроризмді насихаттау деп бағалап отыр.

Бас прокуратура мәліметінше, экс-министрдің мәлімдемесі кейін видеохостингтерде, мессенджерлерде және интернет-ресурстарда кеңінен таралған. Тергеу органдары оның сөздері Қырым аумағындағы бейбіт тұрғындардың өмір сүру жағдайын нашарлатуға бағытталған деп есептейді.

Қазір Бен Уоллес халықаралық іздеуге жарияланған. Ресей соты оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған. Тергеу оның Ресей аумағынан тыс жерде жүргенін және құқық қорғау органдарынан жасырынғанын айтады.

Ресей Қылмыстық кодексінің 205.2-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылған жағдайда, бұрынғы министрге ірі көлемде айыппұл немесе 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары