Астанадағы үлкен көше бір айға жабылады

/
Астанадағы үлкен көше бір айға жабылады

Астанада 6 маусым мен 6 шілде аралығында Тілендиев даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өзгерістер Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысында салынып жатқан көлік жолайрығының құрылыс жұмыстарына байланысты енгізілуде.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, уақытша шектеулер Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жобасын іске асыру аясында енгізіледі.

«Осыған байланысты биылғы жылдың 6 маусымы мен 6 шілдесі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады», – делінген хабарламада.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына қала ішіндегі сапарларын жоспарлау кезінде уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес береді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында аталған учаскеде уақытша жол белгілері, қоршаулар және ақпараттық көрсеткіштер орнатылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары