Алдағы күндері күн +33 градусқа дейін ысиды

/
Алдағы күндері күн +33 градусқа дейін ысиды
istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері 2, 3 және 4 маусым күндеріне арналған Астана мен Алматы қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

2 маусым

Ауыспалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с.

Ауа температурасы: түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C.

3 маусым

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с.

Ауа температурасы: түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.

4 маусым

Ауыспалы бұлтты. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с.

Ауа температурасы: түнде +17...+19°C, күндіз +25...+27°C.

Алматыдағы ауа райы болжамы

2 маусым

Ауыспалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді.

Ауа температурасы: түнде +21...+23°C, күндіз +31...+33°C.

3 маусым

Ауыспалы бұлтты. Таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

Ауа температурасы: түнде +19...+21°C, күндіз +30...+32°C.

4 маусым

Ауыспалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с.

Ауа температурасы: түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар