«Қытай қазақтары сізді қатты жақсы көреді»: Қытайдан елге оралған белгілі кәсіпкер Мақпал Жүнісоваға алтын жүзік сыйлады (ВИДЕО)

«Қытай қазақтары сізді қатты жақсы көреді»: Қытайдан елге оралған белгілі кәсіпкер Мақпал Жүнісоваға алтын жүзік сыйлады (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Қытайдан елге қоныс аударған белгілі кәсіпкер Ерсай өз компаниясының тойында әнші Мақпал Жүнісоваға жүзік сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алтынға лайықты алтын Мақпал апам.

Біз, Қытай қазақтары сізді қатты жақсы көреміз. Бірінші рет өз көзіммен көріп отырмын. Өте қуаныштымын. Мақпал апайымды құттықтағым келеді. Жақында ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан керемет медаль алды. Сондықтан бізге осы кісінің жолын беріп, жақсы кәсіпкер болып, қазақ еліне еңбек сіңіріп, сол кісінің қолынан медаль алғымыз келеді. Апамыздың жақсы істері жұғысты болсын деп алтын жүзік сыйлағым келеді», – дейді кәсіпкер.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары