Ақмола облысында аурухана қызметкерлеріне 8,8 млн теңге төлемақы берілмеген

/
Ақмола облысында аурухана қызметкерлеріне 8,8 млн теңге төлемақы берілмеген
istockphoto.com

Ақмола облысы прокуратурасы медицина қызметкерлеріне 8,8 млн теңге көлемінде еңбек демалысына төленетін төлемақы өндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Целиноград ауданы прокуратурасымен еңбек заңнамасы саласында жүргізілген тексеру барысында «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК-нің 31 қызметкері алдында 8,8 млн теңге көлемінде еңбек демалысына төленетін төлемақы бойынша берешек анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтеліп кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 31 медицина қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары