Мергенші Арина Малиновская Әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді

/
Мергенші Арина Малиновская Әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді
olympic.kz

Қазір Мюнхенде (Германия) нысана көздеуден Әлем кубогінің кезекті кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі Арина Малиновская 50 метр қашықтықтан үш қалыпта пневматикалық винтовкадан оқ ату сайысында финалға дейін жетті.

Шешуші сында қазақстандық спортшы сегізінші орын алды.

Аталған бағдарламада Жанетт Хегг Дуэстад (Норвегия) жеңіске жетті. Екінші орынды Шонейд Макинтош (Ұлыбритания) иеленді. Ал қола медальді Анна Янссен (Германия) жеңіп алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары