"Қайрат" футбол клубының шабуылшысы, жас талант Дастан Сәтпаев 11-сыныпты аяқтап, "Соңғы қоңырау" салтанатына қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңызды шарада Дастан түлектерге арналған "Түлек – 2026" лентасын тағып, сахна төріне көтерілді. Жас футболшы ұстаздарына, академия басшылығына және осы уақытқа дейін өзіне қолдау көрсеткен барша жанға алғысын білдірді.
"Қайрат" футбол клубының академиясы да түлектерін ерекше күнмен құттықтап, оларға ақжарма тілегін арнады.
"Осы ерекше күнмен шын жүректен құттықтай отырып, жаңа бастамаларына ақ жол тілейміз! Армандары асқақ, мақсаттары айқын болып, биік белестерді бағындыра берсін. Ел мақтанышы, Отанымыздың абыройлы азаматтары атануларына тілектеспіз", – деп жазды академия Instagram парақшасында.
Дастан Сәтпаевтың бұл қуанышты сәті жанкүйерлерінің де назарынан тыс қалмады. Көпшілік жас футболшыға спорттағы жолында да, алдағы өмірлік кезеңінде де сәттілік тіледі.