223
Үш әскери қызметкер балаларды зорлағаны үшін сотталды
Үш әскери қызметкер балаларды зорлағаны үшін сотталды
2016 жылы "Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша үш әскери қызметкер сотталған.
Мұндай дерек ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің мәліметтерінде бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірінші жағдай бойынша сот үкімі 2016 жылдың наурызында шыққан. Қылмыскер - мерзімді қызметтегі қатардағы сарбаз. Екінші жағдай бойынша сот үкімі 2016 жылдың наурызы мен маусымы аралығында шығарылған. Келісімшарт бойынша қызмет еткен кіші сержант сотталған. Ал 2017 жылы тағы бір әскери қызметкер "Кәмелет жасына толмағандарға қатысты зорлау" бабы бойынша сотталған. Ол - келісімшарт бойынша қызмет еткен кіші сержант. Сондай-ақ, 2016 жылдың маусымына дейін екі әскери қызметкер - келісімшарт бойынша қатардағы сарбаз бен кіші сержанттың "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері" бабының 2-бөлігі бойынша (өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған; жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан; бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер) сотталғаны белгілі болды. Айта кетейік, бұл екі сотталушы алдын ала сөз байласып, топ болып қылмыс жасағандарға жатпайды. Мұнымен қатар, 2016 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында кіші офицер, кіші сержант және қатардағы қызметкер "Зорлау" бабының екінші бөлігі бойынша (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған; жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан; бірнеше рет жасалған зорлау) сотталған. Екеуінің бірі (қайсысы екені нақтыланбаған) бір топ адам болып жасаған қылмыс үшін сотталса, екіншісі алкогольге мас күйінде қылмыс жасағаны үшін сотталған.
Өз кезегінде ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында 2016 жылы зорлау қылмысын жасағаны үшін келісімшарт бойынша қызмет еткен екі әскери қызметкердің сотталғанын хабарлап отыр. Олар әскери шені бойынша - ефрейтор және сержант. Олар 5 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылған. 2017 жылы 2002 жылғы А. есімді азаматшаны зорлағаны үшін аға сержант шеніндегі әскери қызметші сотталған. "Оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігіндегілер. Осы аталғандардың барлығының Қарулы күштерден теріс уәжбен шығарылғаны белгілі.