Жуырда Түркияның Анталья қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде әлемнің мықты спортшылары бас қосып, өз шеберліктерін ортаға салды. Әлемдік додада Түркістан облысы, Ленгір қаласының тұрғыны Аяжан Қалыбай толағай табысқа қол жеткізіп, екі медаль ел қоржынына салды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, жас спортшы "HIF" санаты бойынша күміс жүлдеге қол жеткізсе, "Full Contact" санаты бойынша қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, Аяжан бұған дейін Азия чемпионаттарында үш дүркін жеңімпаз атанып, халықаралық жарыстарда бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінген.