Маңғыстаулық жас балуан Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды

/
Маңғыстаулық жас балуан Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды
Жаңаөзен қаласының әкімдігі

Маңғыстау облысының спортшысы Балғабай Қыдырали Ташкентте өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 18-20 мамыр аралығында аралас жекпе-жектен Asian Mixed Martial Arts Championships (AMMA) Азия чемпионаты өтті.

Жаңаөзендік спортшы Балғабай Қыдырали 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (18 жасқа дейінгі U18 санаты) жеңімпаз атанып, Азия чемпионы болды. «КУДО-Маңғыстау» секциясының тәрбиеленушісі барлық қарсыласын сенімді түрде жеңіп, ММА бойынша Азияның екі дүркін чемпионы атағын иеленді.

Бұған дейін де Балғабай Қыдырали әлемнің екі дүркін чемпионы атанған, ол халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын бірнеше рет қорғаған белгілі спортшы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары