Блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

/
Блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ғаламтор

Алматы қаласында жекеменшік клиникалардың бірінде 53 жастағы тұрғынның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары