Түркістандық теннисші халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді

/
Түркістандық теннисші халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді
Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында үстел теннисінен “WTT Youth Contender Tashkent 2026” халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған додада U-11 жас санатында Әзірбайжан, Түрікменстан, Қазақстан және Өзбекстан елдерінен қатысқан 23 спортшы қыз өзара бақ сынады. Нәтижесінде ел құрамасы сапында өнер көрсеткен Түрістан облысының спортшысы Назерке Болатбек жүлделі ІІ орынды иеленді.

Айта кетейік, Назерке бұған дейін 2025 жылы Катар елінде өткен "WTT Youth Contender Doha" турнирінде жеңімпаз атанса, биыл да аталған елде өткен "WTT Youth Contender" атты ірі халықаралық турнирде үшінші орынға ие болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары