Дзюдошы Нұрмұхамет Ботабай Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

/
Дзюдошы Нұрмұхамет Ботабай Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Оlympic.kz

Испанияның Бенидорм қаласында дзюдодан European Open турнирі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы жарысты бір медальмен түйіндеді.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрмұхамет Ботабай чемпион атанды.

Финалда қазақстандық дзюдошы АҚШ өкілі Ари Берлинерді жеңді.

Ал Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Ақжігіт Насыр (66 келіге дейін) және Дастан Шаяхметов (73 келіге дейін) жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары