"Қайрат" футзал клубы маңызды турнир алдында күтпеген шешім қабылдады

/
"Қайрат" футзал клубы маңызды турнир алдында күтпеген шешім қабылдады
istockphoto.com

Алматылық "Қайрат" футзал клубы бразилиялық бас бапкер Даниэль Жуниормен келісімшарттың тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Клубтың хабарлауынша, келісімшарт отбасылық жағдайларға байланысты және екі тараптың өзара келісімімен бұзылған. Дегенмен бұл шешім Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңіндегі сәтсіз нәтижелерден кейін, сондай-ақ алдағы маңызды плей-офф ойындарының алдында қабылданып отыр.

Даниэль Жуниордың қызметінен кетуіне команданың турнирлік жағдайы да әсер еткені байқалады. 2025/26 жылғы футзалдан Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінің аяқталуына екі тур қалса да, бірінші орын иегері алдын ала белгілі болды.

"Семей" 42 ойыннан кейін 113 ұпай жинап, тұрақты кезеңнің жеңімпазы атанды. Ал "Қайрат" дәл осындай ойын санынан кейін 100 ұпаймен екінші орында тұр. Сондықтан алматылық команда қалған кездесулерде жеңіске жеткен күннің өзінде көшбасшыны қуып жете алмайды.

Тұрақты чемпионаттағы бірінші орын "Семейге" плей-офф кезеңінде үлкен артықшылық береді. Атап айтқанда, семейлік клуб барлық раундта өз алаңында ойнау мүмкіндігіне ие болады. Ал Қазақстан чемпионы дәл осы плей-офф серияларының қорытындысы бойынша анықталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар