"Жетім қылмаған қазағыма рақмет": Марқұм Амангелі Сейітханның ұлы әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)

/
"Жетім қылмаған қазағыма рақмет": Марқұм Амангелі Сейітханның ұлы әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)
ozgeris.info коллажы

Қазақстандық белгілі спорт комментаторы, марқұм Амангелді Сейітханды "Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері еске алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шымкентте өткен ойын кезінде жанкүйерлер трибунада Амангелді Сейітханның суреті бейнеленген арнайы баннер көтеріп, оған құрмет көрсетті. Бұл күндер белгілі комментатордың туған күнімен де тұспа-тұс келді.

Матчтың тағы бір әсерлі сәті – ойынды Амангелді Сейітханның ұлы Бекасыл Сейітхан жүргізді. Ол әкесінің жолын жалғап, кездесуге комментаторлық жасады.

Бекасыл Сейітхан әлеуметтік желідегі парақшасында осы сәттен алған әсерін бөлісіп, әкесін еске алған барша жанға алғыс білдірді.

"Әке, Алла риза болсын сізге! Мені жетім қылмаған қазағыма Алланың нұры жаусын! Қиын сәтте сүйейтін де, жығылса көтеретін де – өз қазағы. Сондықтан қазақтың жанашыры – қазақ қана. Қазақ боп әлемді бағындырайық", – деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары