Қазақстан кубогінің жартылай финалдық жұптары анықталды

/
Қазақстан кубогінің жартылай финалдық жұптары анықталды
"Тобыл" футбол клубының баспасөз қызметі

Қазақстан кубогінің барлық жартылай финалдық жұптары анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы Қазақстан кубогының ширек финалында өз алаңында "Тобылды" жеңді. Матч "Қайсар аренада" өтіп, қызылордалық клубтың пенальти сериясындағы жеңісімен аяқталды – 2:1.

Есеп бірінші таймның 33-минутында ашылды. Алаң иелерінің қазақстандық шабуылшысы Бақдәулет Көңлімқос гол соқты. Оған нигериялық форвард Виктор Мозес нәтижелі пас берді. Қостанайлықтар екінші таймның 78-минутында есепті теңестірді. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дәурен Жұмат көзге түсті.

Негізгі және қосымша уақытта жеңімпаз анықталған жоқ. Матч тағдыры пенальти сериясында шешіліп, онда қызылордалық футболшылар басым түсті.

Осылайша, "Қайсар" Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты. Енді олар елордалық "Жеңіспен" кездеседі. Ал екінші жартылай финалда Шымкенттің "Ордабасы" мен Өскеменнің "Алтайы" өзара ойнайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары