Түркияда қаза тапқан жігіт Қырғызстан азаматы болып шықты

/
Түркияда қаза тапқан жігіт Қырғызстан азаматы болып шықты
iha.com

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Түркияның Анталия қаласында жол апатынан көз жұмған Құбат Аманбековтің Қазақстан емес, Қырғызстан азаматы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін түрік БАҚ-тары марқұмды Қазақстан азаматы деп жазған болатын. Алайда қазақстандық ведомство Түркия тарапынан ресми ақпарат сұратып, 27 жастағы азаматтың Қырғызстаннан екенін нақтылаған.

Мәліметке сәйкес, Құбат Аманбеков Анталиядағы бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде бармен болып жұмыс істеген. Қайғылы оқиға ол түнгі ауысымнан кейін велосипедпен үйіне қайтып келе жатқан кезде болған.

Түркиялық басылымдардың жазуынша, жол апаты 11 мамырға қараған түні шамамен сағат 03:00 шамасында Серік ауданында тіркелген.

Оқиға куәгерлері жедел жәрдем мен полиция шақырған. Алайда дәрігерлер жас жігіттің оқиға орнында қайтыс болғанын анықтаған.

Сондай-ақ апатқа қатысқан көліктің жергілікті CI компаниясына тиесілі екені айтылды. Такси жүргізушісі полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары басталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары