Танымал әнші Қайрат Нұртастың қайын атасы ғылым саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін арнайы марапатқа ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл қуанышты жаңалықпен Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай ғылым саласындағы абыройлы еңбегі, кәсібіне деген адалдығы мен жоғары жауапкершілігі үшін "Адал адам – адал еңбек – адал табыс" құрмет грамотасымен және "Жылдың үздік маманы" төсбелгісімен марапатталды. Менің әкем осындай академик!" – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.