"Жақын арада...": Шетелдіктер асырап алған Жәнібек қуанышты хабарын айтты

/
"Жақын арада...": Шетелдіктер асырап алған Жәнібек қуанышты хабарын айтты
ашық дереккөзден

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелдік отбасы асырап алған Жәнібекке қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Қазір ол туған анасын іздеу жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр, деп turkystan.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында бұл іздеу өз өміріндегі ең маңызды әрі күрделі кезеңдердің бірі екенін жазған. Оның айтуынша, анасын табу жолында белсенді азаматтар мен заңгерлер көмек көрсетіп келеді.

"Сәлеметсіздер ме, қадірлі отбасым мен достарым. Сіздермен жүрекжарды жаңалығымды бөліскім келеді. Қымбат Досжан мен Мейірман Шекеева және тағы басқа жанашыр адамдармен бірге анамды іздеуді әлі де жалғастырып жатырмыз. Бұл іздеудің қанша уақытқа созылатынын нақты білмеймін. Мүмкін ұзаққа жалғасар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада жақсы жаңалық болар. Соңғы уақытта бізге үміт сыйлайтын бірнеше іздер кездесті. Мен күн сайын сіздерді де, анамды да ойлаймын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін", – деп жазды Жәнібек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары