3 мамыр күні Хромтау қаласында Мира даңғылында өтіп бара жатқан адамдар пышақ жарақаттары көп ер адамды тауып алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына келген полицейлер 27 жастағы қала тұрғынының қайтыс болғанын растады.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті ретінде марқұмның 22 жастағы танысы ұсталды.
«Хромтау қаласында көпқабатты үйдің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтіру күдігімен жәбірленушінің танысы ұсталды. Алдын ала тергеу барысында олардың спирттік ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, соның салдарынан күдікті пышақ жарақатын салғаны анықталды. Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Ер адам қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс бойынша күдікті кінәсін мойындаған.