Степногорскідегі аурухана құрылысында заңбұзушылықтар анықталды

/
Степногорскідегі аурухана құрылысында заңбұзушылықтар анықталды
istockphoto.com

Степногорск қаласының прокуратурасы Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасының «Г және Е» операциялық блогын салу кезінде заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында мердігер тарапынан құрылыс нормаларының бұзылғаны анықталды, бұл жұмыстардың сапасыз орындалуына және бюджет қаражатының негізсіз төленуіне әкеп соққан. Аталған заңбұзушылықтар техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ тапсырыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауы салдарынан орын алған.

Прокуратура қадағалау актісін қарау нәтижесінде мердігермен жасалған шарт бұзылды. Тапсырыс беруші 80 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қайтару туралы сотқа талап арыз берді. Денсаулық сақтау басқармасының екі лауазымды тұлғасы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазір жаңа мердігерді тағайындау және нысанның құрылысын қысқа мерзімде аяқтау бойынша шаралар қабылдануда. Бюджет қаражатының заңды әрі тиімді пайдалану мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары