197
ХҚКО-лар және egov.kz сайты арқылы 700-ден астам қызмет түрі көрсетіледі
ХҚКО-лар және egov.kz сайты арқылы 700-ден астам қызмет түрі көрсетіледі
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, xалық "электронды үкіметті" кеңінен қолданған жағдайда қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезектер болмайтын еді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Негізі, Қазақстанның "электронды үкіметті" дамыту саласында қол жеткізген жетістіктері аз емес. Ол жағынан біз жетекші елдердің қатарына кіреміз. Әрине, қазіргі жетістіктерге малданып отыруға да болмайды. Мәселен, xалыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыта беру керек. Неге ол жерде ұзын-сонар кезектер көп? Себебі электронды үкіметтің сервистерін қолданатын адам аз. Соның салдарынан xалықтың басым бөлігі xалыққа қызмет көрсету орталықтарына барады. Алайда қазірдің өзінде электронды үкімет арқылы біраз құжаттарды үйден шықпай-ақ алуға болады. Жалпы, ХҚКО-лар және egov.kz сайты арқылы 700-ден астам қызмет түрі көрсетіледі. Онымен уақыт та, адамның күш-қуаты да үнемделеді. Осының барлығын әлі де жетілдіру керек. Халық тиісті қызметті жылдам әрі сапалы түрде алуы тиіс. Мәселен, қазіргі кезде біз Қазпошта арқылы құжаттарды үйге жекізу қызметін даярлап жатырмыз", - деді Абаев бүгін журналистерге берген сұxбатында. Айта кетейік, бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және Кореяның мемлекеттік басқару мен ішкі істер вице-министрі Сонг Рел Ким "электронды үкіметті" дамыту саласында өзара ынтымақтастық туралы xаттамаға қол қойды. Аталған шара "электронды үкімет" саласындағы Қазақстан - Корея ынтымақтастығын дамыту бойынша ашық семинар аясында ұйымдастырылды. Өткен жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Кореяның Пусан қаласына жасаған сапары барысында екіжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойған болатын. Ол құжат электронды үкіметті дамыту мәселелеріне арналған xалықаралық форумда рәсімделген. "Бүгінгі семинар біздің алғашқы шарамыз болып саналады. Біз онымен шектелмейміз. Электронды үкіметті дамыту саласындағы әріптестігімізді одан әрі тереңдететін боламыз", - дейді Абаев.