АҚШ ғалымдары инфекцияны 48 сағатта жоятын гель жасап шығарды

/
АҚШ ғалымдары инфекцияны 48 сағатта жоятын гель жасап шығарды
сурет:

АҚШ-та Сан-Диего ғалымдары өсімдіктерге арналған ерекше гель ойлап тапты. Ол наномолекулалық дәрілерді өсімдік тіндеріне жеткізіп, инфекцияны небәрі 48 сағат ішінде жоя алады. Зерттеу нәтижелері Science Advances журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа материал өсімдіктің жапырағы мен сабағына оңай жабысады: тегіс те, түкті беттерге де бірдей тиімді. Гельдің негізін екі компонент құрайды: полиакриламид (беріктік пен икемділік береді) және хитозан (жақсы жабысуын қамтамасыз ететін табиғи зат).

Маңыздысы – гель өсімдіктің фотосинтез процесіне кедергі келтірмейді. Ол жаңбырда шайылып кетпейді, қажет болса оңай алынып, қайта жағуға болады.

Зерттеу барысында ғалымдар гельдің тек сыртта қалып қоймай, өсімдік ішіне тарай алатынын дәлелдеді. Оған арнайы «жарқырайтын» бөлшектер қосылған кезде, олар бірнеше сағат ішінде өсімдіктің тамыр-жүйесі арқылы бүкіл ағзаға таралған.

Тағы бір қызықты тәжірибеде ғалымдар гель арқылы өсімдікті «басқарып» көрді. Мысалы, Венерина мухоловка жапырағына гель арқылы сым жалғанып, әлсіз электр сигналы берілген. Нәтижесінде өсімдік сигналға жауап беріп, жапырағын жапқан. Яғни, өсімдіктерді қашықтан басқару мүмкіндігі пайда болған.

Ғалымдардың айтуынша, болашақта бұл гельге жасушалар немесе генетикалық материал қосуға болады. Осылайша өсімдіктерді дәрі-дәрмек өндіретін «тірі фабрикаларға» айналдыру жоспары бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар