«Қайрат» клубы бас бапкерге қатысты тараған мәліметке жауап берді

/
«Қайрат» клубы бас бапкерге қатысты тараған мәліметке жауап берді
«Қайрат» ФК

«Қайрат» футбол клубы бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің қызметінен кетуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарып, мұндай мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қайрат» футбол клубы ақпараттық кеңістікте тараған бас бапкердің ауысуы мүмкін екені туралы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.

Клуб Рафаэль Уразбахтинге және оның бапкерлер штабына толық сенім білдіреді. Маманның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін жарамды. Бас бапкер қызметіне қатысты ешқандай өзгеріс қарастырылып жатқан жоқ. Оның жетекшілігімен команда ішкі және халықаралық ареналарда жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді, ал ағымдағы маусымда жеті турдан кейін Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орынды иеленіп отыр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ клуб мұндай қауесетті команда ішіндегі тұрақтылықты бұзуға бағытталған әрекет ретінде бағалайтынын атап өтті.

«Қайрат» ФК мұндай жарияланымды команда төңірегінде жасанды түрде шиеленіс туғызу және клуб ішіндегі жұмыс атмосферасын тұрақсыздандыру әрекеті ретінде бағалайды. Бұл әрекет клубтың бірлігіне, таңдалған бағытқа деген сеніміне, алға қойған мақсаттарына әсер етпейді.

Жанкүйерлерден, БАҚ өкілдерінен, футбол қоғамдастығынан ресми емес дереккөздердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуді және тек клубтың ресми мәлімдемесіне сүйенуді сұраймыз», - деп толықтырды клубтың баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары