Мал шаруашылығымен айналысатындар ЕЭО талаптарына сай болуы қажет

Мал шаруашылығымен айналысатындар ЕЭО талаптарына сай болуы қажет

Мал шаруашылығымен айналысатындар ЕЭО талаптарына сай болуы қажет
ашық дереккөзі
2017 жылдың тамыз айына дейін Қырғыз Республикасында мал шаруашылығымен айналысатындардың барлығы Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сай болуы тиіс, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Аталған мәселені шешу үшін Қазақстан мен Ресей Қырғыз Республикасына материалдық және қаржылай көмек көрсетіп жатыр. Енді көршілес елде жаңа зертханалар ашылып, әрбір мал саны тіркеуге алынуы керек. Күні бүгінге дейін Бішкек пен Ош қаласындағы екі бірдей ветеринарлық диагностика және экспертиза орталықтары толық жаңа технологиямен жаңартылды. Әлі тағы да зерттеу орталықтарын елдің 4 бірдей ауданында ашу жоспарда тұр. Олар: Баткент, Талас, Ыстық көл аудандары. Одан бөлек ел ішіндегі 12 осындай орталық жаңғыртылу үстінде. Енді дәл осы орталықтар Еуразиялық стандарт бойынша сертификат бере алатын болады. Қазақстанның осындай зертханалардың салуға бөлген қаржысы 45 миллион долларды құрайды. Оның көбісі тікелей қаржы аударумен емес, керекті техникаларды жеткізумен есепке алынған. Бұл тіпті қырғызстандық мамандардың жұмысын жеңілдетті деуге де болады. Енді олар әуре сарсаңға түсіп техниканың мықтысын, еттің сапалысын таңдайтын құрылғыларды саралап жүрмейді. Зертханада мал және құс етін фитосанитария және санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыда тексере алады. Еуразиялық экономикалық одақтың талабына сай болуы үшін тағы бір шарттылық бар. Ол – мал басының тіркеуге алынуы. Бірыңғай тізім түзу үшін құстар мен малдарға арнайы чип орнатылуы тиіс. Мысалы, Ресей осы мәселе үшін 6,5 миллион доллар жұмсады. Жобаның өзара тиімділігін осыдан-ақ айқын аңғаруға болады.