Қостанай облысында көл маңынан жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

/
Қостанай облысында көл маңынан жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
Әлеуметтік желіден

Қостанай облысында Боровское ауылының 29 жастағы тұрғынын іздеу жұмыстары аяқталды. Ол үш тәулік бойы хабарсыз кеткендер қатарында болған. 24 сәуір кешінде оның денесі Мормыш көлі акваториясы маңынан табылды,  деп хабарлайды turkystan.kz жергілікті Mendiqara yni басылымына сілтеме жасап.

Марқұмның денесі өмір белгілерінсіз табылғанын «ДОС» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері хабарлаған. Олар полиция қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен бірге туыстары өтініш білдірген сәттен бастап аумақты тексеріп жүрген.

басылымының мәліметінше, ауыл тұрғынының қазасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазір құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптама тағайындаған.

«Іздеу жұмыстары үш тәулік бойы жүргізілді. Бүгін шамамен сағат 19:30-да оның денесі өмір белгілерінсіз табылды», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары