Салауатты өмір салты кейде зиян болуы мүмкін – Маман

/
Салауатты өмір салты кейде зиян болуы мүмкін – Маман
istockphoto.com

Салауатты өмір салтына ұмтылу бүгінде нағыз трендке айналды: спорт, дұрыс тамақтану және ұйқы режимі бақыт пен ұзақ өмірдің әмбебап рецепті ретінде қабылданады. Алайда мамандардың ескертуінше, тіпті пайдалы әдеттердің өзі оларды бірден әрі жеке ерекшеліктерді ескермей жасаса, кері әсер етуі мүмкін. Пирогов университетінің психологы Елизавета Куликова, бірден салауатты өмір салтына көшу ағза мен психика үшін үлкен стресс болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Неліктен тіпті пайдалы әдеттерді де абайлап енгізу керек?

– Салауатты өмір салты қазіргі кезде өте танымал бағытқа айналды. Алайда бұл тек сыртқы көрініс қана. Тұрақты спорт, реттелген ұйқы және теңгерімді тамақтану сияқты пайдалы әдеттерді де асыра қолданбай, абайлап енгізу қажет. Салауатты өмір салтына шамадан тыс ұмтылу депрессияға, мазасыздыққа, тамақтану бұзылыстарына және қажуға әкелуі мүмкін.

– Неліктен салауатты өмір салтына бірден көшу стресс факторы саналады?

– Бұған 3 негізгі себеп бар. Біріншіден, бірден көшу — ағза үшін стресс. Адамның денесі белгілі бір өмір салтына, аз қимылға және белгілі бір тамақтану рационына үйренген. Ал кенеттен «салауатты өмірге» көшу жүрек-қан тамырлар жүйесіне күш түсіріп, психикаға да әсер етеді, тіпті спортқа деген мотивацияның тез жоғалуына әкелуі мүмкін.

– Психикаға зиян келтірмей, денеге қалай күтім жасау керек?

– Мотивацияңызды өзгертіңіз. Денеге күтімді өзіңізді жек көргендіктен немесе мода үшін емес, өзіңізді жақсы көргендіктен жасаңыз. Өз ағзаңызды тыңдаңыз: аш болсаңыз — тамақтаныңыз, тоқ болсаңыз — тоқтаңыз. Артық жеп қойғаныңыз үшін өзіңізді кінәлі сезінуге жол бермеңіз. Қозғалысты рахат үшін жасаңыз. Егер жүгіруді жек көрсеңіз — жүгірмеңіз. Би, йога немесе саябақта серуендеу — егер олар сізге ұнайтын болса, психикаға әлдеқайда пайдалы. Өзіңізге мейірімді болыңыз және өзіңізге тән, басқалардың түсінігінен өзгеше болуы мүмкін жеке салауатты өмір салтыңызды біртіндеп қалыптастырыңыз.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары