"Барселонамен" келісімшартқа отырған қазақстандық футболшыға қатысты қуанышты хабар шықты

/
"Барселонамен" келісімшартқа отырған қазақстандық футболшыға қатысты қуанышты хабар шықты
Fabrizio Romano Transfer News. Суретте: Кәрім Меңдіханов

Қазақстандық жас футболшы Кәрім Меңдіқанов алғаш рет U-16 жасөспірімдер ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

25-30 сәуір аралығында Шымкент қаласында өтетін Даму кубогіне Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан және Ресейдің 16 жасқа дейінгі құрамалары қатысады. Турнирге шақырылған қазақстандық футболшылар қатарында елдегі академия тәрбиеленушілерімен қатар, шетелде тәжірибе жинап жүрген талантты жастар да бар.

Солардың бірі – Испанияда өнер көрсетіп жүрген Кәрім Меңдіқанов. Қазіргі таңда ол "Сан-Куат" клубының ойыншысы болғанымен, 2026 жылдың күзінен бастап ресми түрде Барселона ФК академиясының қатарына қосылады. Тиісті келісімшартқа қол қойылған.

Сондай-ақ құрамға Германияның "Магдебург" клубында жаттығып жүрген Абдулла Бапишев те шақырылды. Бұл жас футболшылардың халықаралық деңгейдегі тәжірибесі команда үшін маңызды рөл атқармақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары