Күйеуін қызғанып, TikTok-та өзге әйелге жала жапқан келіншекке үкім шықты

/
Күйеуін қызғанып, TikTok-та өзге әйелге жала жапқан келіншекке үкім шықты
istockphoto.com

Жамбыл облысының Сарысу аудандық соты әлеуметтік желілерді пайдалана отырып жасалған жала жабу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылдың қаңтарында азаматша С. өзінің «TikTok» парақшасында жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялады. Ол сондай-ақ жәбірленушінің суреттерін орналастырып, оларды қорлайтын және балағат сөздермен сүйемелдеді.

Кінә тараптардың айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді.

С. кінәсін мойындап, жәбірленуші жұбайымен байланысты деп күдіктенгенін және ашу үстінде әрекет еткенін түсіндірді.

Жәбірленуші соттан тиісті жаза тағайындауды сұрады, заңды некеде тұратынын және 6 кәмелетке толмаған баланың анасы екенін хабарлады. Құқық бұзушының әрекеті оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, күйеуімен қарым-қатынасына нұқсан, сонымен қатар оған және оның балаларына моральдық зиян келтірді.

Сараптама қорытындысына сәйкес жариялымдарда ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлайтын сөздер мен мәлімдемелер бар.

ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігінің санкциясы жеке тұлғаға 180 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Сот кінәні мойындауды, 6 баланың болуын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, айыппұл сомасын 30%-ға төмендетті.

Сот қаулысымен С. кінәлі деп танылып, оған 544 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары