18-19 сәуір аралығында Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан (WT) «Spain Open» халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дода қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.
Алтын – Бейбарыс Қаблан (+87 кг)
Күміс – Дамир Шүленов (74 кг)
Күміс – Әзім Ниязов (63 кг)
Қола – Назым Махмұтова (73 кг)
Аталған бәсекеге 66 елден 550 спортшы қатысты.