446
Францияда президент сайлауының бірінші кезеңі өтті
Францияда президент сайлауының бірінші кезеңі өтті
Францияда президент сайлауы өтіп жатыр. Осы жексенбіде сайлаудың бірінші кезеңі болды.
Сайлауда фаворит ретінде «На марше» қозғалысының құрылтайшысы Эмманюэль Макрон және «Ұлттық фронт» лидері Марин Ле Пен. Дауыс берушілер саны – 45 миллион адам. БАҚ мәліметінше, қазір сайлауда дауыс берушілер саны өте аз, бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда келушілер саны тым сирек. Францияда президент сайлауының екінші кезеңі 7 мамыр күні өтпек. Францияның 24-ші президенті болған Франсуа Жерар Жорж Николя Олланд президент сайлауына қатыспайды.
Социалистік партиядан 2012 жылдың Франциядағы президенттік сайлауының жеңімпазы. 22 сәуірде өткен бірінші турда 28,63 пайыз дауыс жинап, Николя Саркозимен бірге екінші турға өтті, ал 6 мамыр күні өткен сайлаудың екінші турында Саркозиді жеңіп, Францияның 24-ші президенті болып атанды.
Айтпақшы, Францияның шығысында Безансон қаласындағы 410 және 411 сайлау учаскелеріндегі адамдар эвакуацияланып, уақытша жабылды, - деп хабарлайды RT France bleu порталына сілтеме жасап. Полиция сайлау учаскесінің жанына қойылған күмәнді көлікті қоршауға алды. Соңғы мәліметтер бойынша учаскелер қайтадан ашылған. Екінші бір оқиға FEMEN белсендісінің әрекеті болды. БАҚ жартылай жалаңаштанған қызды полицейлердің асфальтқа құлатқанын жариялады. Осы Энен-Бомоне қаласында президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынған Марин Ле Пен дауыс берген болатын. Бірнеше күн бұрын Парижде FEMEN өкілі Ле Пеннің алдында шешінбекші болды.