"Қартайғанда қылық шығарды": Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзін сынағандарға жауап қатты (ФОТО)

/
"Қартайғанда қылық шығарды": Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзін сынағандарға жауап қатты (ФОТО)
Ашық дереккөзден. Суретте: Ләйлә Сұлтанқызы

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында жастық, жеке өмір, отбасыға қатысты айтылған түрлі сын-пікірлерді келтіреді.

"Кәрі құтырса – жұт болады", "Қартайғанда қылық шығарды", "Жасқа жарасқан – кәріге ұят", "Жасына сай емес қылық", "Ұялмай ма, немере сүйер жасқа келді", "Кеш қалды енді бұған", "Шошаң-шошаң етіп не болды", "Жастық шағын өткізіп алып, енді есін жиды ма", "Ақыл тоқтатар жаста ғой", "Әйел адамға ауырлау енді бұл", "Қартайғанда қыз қуғандай" (кейде әйелдерге де айтылады), "Өзін жас қыздай ұстайды", "Жасы келгенін мойындағысы келмейді".

Менің әрекетім қазақилығымның өлшемі емес. Ана ретіндегі рөлімнің бағасы емес. Ата-анама қандай бала екенімнің дәлелі емес. Бұл – менің еркіндігім. Бұл – менің жұмысым. Бұл – менің нәпақам", – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шыққалы жүрген қыздарға ақылын айтқан еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар