Ең ұзақ жасаған көгершін Гиннестің рекордтар кітабына енді

/
Ең ұзақ жасаған көгершін Гиннестің рекордтар кітабына енді
сурет: guinnessworldrecords.com

АҚШ-та ерекше ұзақ өмір сүрген Қант (Sugar) атты көгершін Guinness World Records кітабына енді. Ол 44 жыл 72 күн өмір сүріп, бұрынғы рекордты 15 жылға жаңартты, деп хабарлайды turkystan.kz guinnessworldrecords.com-ға сілтеме жасап.

Құстың иесі Дуэйн Орендер оны жұмыртқаны жарып шыққан сәтінен бастап бағып-қаққан. Екеуі 40 жылдан астам уақыт ажырамай бірге өмір сүрген. Иесі ұзақ уақыт үйде болмаса, көгершін тамақ ішпей, сағынып қалатын болған.

Қанттың өмірінде қызықты сәттер де аз емес. 1990-жылдары оның Роуз есімді «серігі» болған. Ол өлгеннен кейін ол ұзақ уақыт үнсіз қалған. Бірақ музыкаға деген сүйіспеншілігі ерекше болған: әуен қосылса, ырғаққа ілесіп «билеген». Тіпті екі музыкалық бейнебаянға да түскен.

Көгершін иесімен бірге теледидар қарап, әсіресе аспаздық бағдарламаларды жақсы көрген. Мамандардың айтуынша, оның ұзақ өмір сүруінің басты сыры - тұрақты күтім мен иесімен арасындағы берік байланыс. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар