Найзағай ойнап, қар жауады: Синоптиктер ескерту жасады

/
Найзағай ойнап, қар жауады: Синоптиктер ескерту жасады
istockphoto.com

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге – 14, 15 және 16 сәуірге арналған Астана мен Алматы қалаларындағы ауа-райы болжамын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

14 сәуір – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде -1..+1°, күндіз +12...+14°.

15 сәуір – ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°, күндіз +8...+10°.

16 сәуір – ауыспалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°, күндіз +2...+4°.

Алматыдағы ауа райы болжамы

14 сәуір – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік бағыттағы жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°, күндіз +21...+23°.

15 сәуір – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°, күндіз +21...+23°.

16 сәуір – бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Батыстан жел соғады, 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°, күндіз +17...+19°.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары