Биржада доллар 475 теңгеге дейін қымбаттады

/
Биржада доллар 475 теңгеге дейін қымбаттады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 474,9 теңгені құрап, 1,71 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 13 сәуірге белгіленген ресми доллар бағамы – 473,13 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 473,27 теңге, сату – 475,56 теңге. Астана қаласында долларды орта есеппен 470,01 теңгеден сатып алып, 477,01 теңгеден сатады. Шымкент қаласында долларды орта есеппен 474,57 теңгеден сатып алып, 476,59 теңгеден сатады.

Еске сала кетейік, 26 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,05 теңгеге төмендеді, 27 наурызда 0,63 теңгеге өсті, 30 наурызда 1,35 теңгеге төмендеді, 31 наурызда 2,7 теңгеге төмендеді, 1 сәуірде 3,06 теңгеге төмендеді, 2 сәуірде 2,76 теңгеге төмендеді, 3 сәуірде 1,96 теңгеге төмендеді, 6 сәуірде 4,07 теңгеге төмендеді, 7 сәуірде 4,88 теңгеге төмендеді, 8 сәуірде 12,32 теңгеге өсті, 9 сәуірде 4,19 теңгеге өсті, 10 сәуірде 5,65 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары