Азық-түлік өндірісі 665 млрд теңгеден асты

/
Азық-түлік өндірісі 665 млрд теңгеден асты
АШМ

2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артып, 665,1 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдын ала жоспарланған 4,3% өсім деңгейінен едәуір жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Негізгі азық-түлік санаттарының басым бөлігінде оң динамика байқалды. Ең жоғары өсім сары май өндірісінде тіркеліп, көлемі 56,5%-ға артып, 8,1 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар ірімшік пен сүзбе өндірісі 39,2%-ға, қант және шоколад қосылған кондитерлік өнімдер 21,4%-ға, жарма өндірісі 20,8%-ға өсті.

Ет консервілері өндірісі 12,9%-ға артты. Ірі қара, шошқа, қой, ешкі және жылқы еті (жаңа немесе салқындатылған) өндірісі 6,9%-ға өсті. Шұжық өнімдері 6%-ға, өсімдік майы 12,3%-ға, өңделген және консервіленген жемістер мен көкөністер 13,4%-ға ұлғайды.

Өңделген сүт 1,6%-ға, қышқыл сүт өнімдері 3,5%-ға, ұн 11,9%-ға, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 5,2%-ға, макарон өнімдері 8,1%-ға өсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары