Атырауда мемлекеттік мекеме 147 миллионға бекіре уылдырығын сатып алмақ болған

/
Атырауда мемлекеттік мекеме 147 миллионға бекіре уылдырығын сатып алмақ болған
istockphoto.com

Атырау облысының прокуратурасы балық шаруашылығы саласында бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Атырау бекіре балық өсіру зауыты» мемлекеттік кәсіпорны 23.02.2026 жылы мемлекеттік сатып алу порталында хабарландырулар жариялап, бекіре уылдырықтарын 147,4 млн теңге ақша қаражатына сатып алуды жоспарлағаны анықталды.

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңның 11-1 бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорын, яғни зауыт бекіре тұқымдас балықтарының уылдырықтарын сатып алуына рұқсат берілмеген.

Алайда, Зауыт бұл талаптарға және өзінің негізгі міндеттеріне қайшы бекіре тұқымдас балықтарының уылдырықтарын заңды тұлғалардан нарықтық бағада сатып алуды заңсыз жоспарлаған, мемлекеттік сатып алуды негізсіз ұйымдастырған.

Табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісімен мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 147 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты үнемделді.

Аталған саладағы заңдылықтың жай-күйі табиғат қорғау прокуратурасының тұрақты бақылауында. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары