Түркістандық жүзушілер халықаралық чемпионатта қос алтын еншіледі

/
Түркістандық жүзушілер халықаралық чемпионатта қос алтын еншіледі
Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Беларусь елінде 6-13 сәуір аралығында жүзуден халықаралық «Open Belarus» ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлемнің әр түкпірінен жиналған мықтылар бас қосқан бұл дода – алдағы ірі жарыстарға жолдама беретін маңызды іріктеу кезеңі ретінде ерекшеленді. Атап айтқанда, аталған чемпионат нәтижелері «Dakar-2026» жасөспірімдер Олимпиада ойындарына, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.

Жарысқа Беларусь, Ресей, Қытай және Қазақстан құрамаларын қоса алғанда 400-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан атынан 37 сортшы сынға түсіп, ел намысын лайықты деңгейде қорғады. Олардың қатарында Түркістан облысының спортшылары да жоғары нәтижелерімен көзге түсті. Атап айтқанда, Ғалымжан Балабек 4×200 метрге еркін жүзуден эстафетада топ жарып, алтын медаль иеленді. Ал, Софья Сподаренко 4×100 метрге еркін жүзуден эстафетада ел рекордын жаңартып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар, ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола медаль еншіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары