Нұрлан Сабуровқа тағы бір елде концертін өткізуге тыйым салынды

/
Нұрлан Сабуровқа тағы бір елде концертін өткізуге тыйым салынды
vk.com/nurlan.saburov. Суретте: Нұрлан Сабуров

Молдова үкіметі ресейлік рок-әнші Диана Арбенина мен танымал стендап-комик Нұрлан Сабуровтың ел аумағында концерт беруіне қатысты қарсылық білдірді. Сонымен қатар, мәдениет министрлігі украиналық әнші Олег Винниктің де концертін өткізбеуді ұйымдастырушыларға ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Молдова Мәдениет министрлігі бұл үш әртістің қатысуымен жоспарланған іс-шараларды өткізуді "орынсыз" деп бағалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

Министрлік мәліметінше, ұйымдастырушыларға жүргізілген сараптама нәтижелері жеткізілген. Соған сәйкес, аталған әртістермен жасалған келісімшарттарды тоқтату ұсынылған.

Ведомство бұл шешімді ықтимал тәуекелдердің алдын алу мақсатында қабылдағанын түсіндірді. Атап айтқанда, әртістердің елге кіре алмауы немесе жоспарланған концерттердің толықтай тоқтатылуы секілді жағдайлардың болмауы үшін осындай ұсыныс жасалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары