Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ақтық айқаста ол иорданиялық Зеяд Ишаишқа жол берді.
Төрехан алғашқы раундта 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта қарсыласы есепті теңестіріп, шешуші үшінші раундқа боксшылар тең жағдайда шықты.
Соңғы раундта Ишаиш басым болып, Сабырхан жарысты екінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов чемпион атанған еді.