Аида Балаева "Қайрат" клубының жас ойыншысы Дастан Сәтпаевты марапаттады

/
Аида Балаева "Қайрат" клубының жас ойыншысы Дастан Сәтпаевты марапаттады
Мәдениет және ақпарат министрлігі. Суретте: Аида Балаева мен Дастан Сәтпаев

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марапаттау барысында футболшының отандық спорттың дамуына қосқан үлесі мен жастарды салауатты өмір салтына баулудағы белсенділігі ерекше атап өтілді. Министр бұл жетістік тек жеке табыс емес, ел болашағына қосылған маңызды үлес екенін жеткізді.

Салтанатты рәсімде Аида Балаева спорттың қоғамдағы орны мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне тоқталып, кәсіби спортшылардың жетістігі жастарға үлкен мотивация беретінін айтты.

"Сіз бүгін жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Президентіміз айтқандай, кез келген еңбек қадірлі әрі ел игілігіне қызмет етеді. Спорт – салауатты өмірдің негізі, ол адамды биік белестерге жетелеп, ел абыройын асқақтатады. Жетістіктеріңіз жастарға үлгі болып, бұл марапат сізді жаңа белестерге жетелей берсін", – деді Аида Балаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар