Қостанайдағы «Сергек» жобасына қатысты іс: Кассациялық сот бұрынғы шешімдердің күшін жойды

/
Қостанайдағы «Сергек» жобасына қатысты іс: Кассациялық сот бұрынғы шешімдердің күшін жойды
istockphoto.com

Қостанайда «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесін енгізуге қатысты іс жаңа кезеңге өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот бірінші және апелляциялық сатыдағы шешімдердің күшін толықтай жойды. Бұған дейін аталған шешімдер келісімшарттың бұзылуына әкелген еді.

Кассациялық инстанция Қостанай облысы әкімдігінің информатизация басқармасы мен инвестор – «Көркем Телеком» ЖШС арасындағы дауды қарау барысында елеулі процессуалдық бұзушылықтарға жол берілгенін атап өтті. Іс Қостанай қаласының жергілікті соттарында қаралғанымен, қолданыстағы заңнамаға (ҚР Азаматтық процестік кодексі) сәйкес, инвестициялық даулар Астана қаласындағы соттардың айрықша құзыретіне жатады.

Мұндай ауқымдағы инвестициялық жобалар мемлекеттік деңгейде ерекше маңызға ие. Осыған байланысты олардың қаралуы тәуелсіздік пен сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ететін арнайы рәсімдерге негізделуі тиіс. Заң бойынша мұндай істерді Астанадағы мамандандырылған сот қарауы қажет. Бұл тұрғыда Қостанайдағы «Сергек» жобасына қатысты іс заңда белгіленген тәртіптен тыс қаралған.

Кассациялық соттың бұл шешімі біздің компания үшін айрықша маңызды болды. Себебі осыған дейін жүйені демонтаждауға негіз болған «жабдық талапқа сай емес» деген тұжырымдар енді заңдық тұрғыдан күшін жоғалтты. Бұл өз кезегінде Қостанайдағы жобамыздың объективті қаралуына мүмкіндік беріп отыр.

Біз әр жобамызды тек бизнес міндеті емес, қалалардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған маңызды үлес деп қабылдаймыз. Сондықтан өңірдегі жұмысымызды жалғастыруға әрдайым дайынбыз.

Айта кетейік, дау әкімдікке қарасты информатизация басқармасының камералардың техникалық сипаттамаларына қатысты қойған талаптарынан туындаған. Жеке серіктес жүйенің толық жұмыс істейтінін және барлық қажетті сертификаттардан өткенін алға тартқан. Соған қарамастан, 2025 жылы Қостанай соттары әкімдік ұстанымын қолдап, нәтижесінде қаладағы «Сергек» жүйесі демонтаждалған

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары